Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 04.03.2013 № 12/2 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аршалы ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) Жеңіс Күні мемлекеттік мерекесіне:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әр алушыға 15000 теңге мөлшерінде;
басқа мемлекет аумағында әскери іс-қимылдарға қатысушыларға, 1986-1989 жылдары Чернобыль апаттары атомдық электростанция зардабын жоюға қатысқандарға, бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындарына, бұрынғы Ленинград блокадасы тұрғындарына 5 000 теңге мөлшерінде;
қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушыларының мүгедектігі бар және қайта некеге тұрмаған әйелдеріне 3 000 теңге мөлшерінде;
2) төменгі мөлшелерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге қарттар күніне орай 2 000 теңге мөлшерінде;
3) 1, 2 топтардың мүгедектеріне және 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; мүгедектер күніне арналған сайыстарға қатысқандары үшін барлық санаттардың мүгедектеріне 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне мақсатты ағымды трансферттер есебінен коммуналдық қызметтер төлемақысы бойынша шығынды өтеуге ай сайын 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерьлер тұтқындарына коммуналдық төлемдер бойынша шығындарын өтеуге ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) туберкулезбен ауратындарға әр алушыға өтініш бойынша біржолғы төлем 15 000 теңге мөлшерінде бір рет;
7) ауылдық (селолық) жердегі аз қамтылған отбасылардың, көп балалы отбасылардың колледждердің күндізгі бөлімшелерінде оқитын студенттерге оқу орнымен жасалған келісім-шарт негізінде оқыту бағасы мөлшерінде жылына бір рет;
8) сәулет және химиялы терапияны қабылдаған III-IV дәрежедегі онкологиялық науқас адамдарға медициналық мекемелерде емделуге табыстары есепке алынбай, «Аршалы аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның берілген медициналық қорытындысы негізінде 30 000 теңге мөлшерінде, жылына бір рет;
9) белгілі жағдай себебінен шұғыл медициналық көмекке мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) «Аршалы аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның медициналық қорытындысы негізінде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жылына бір рет;
10) төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар нәтижесінде зардап шеккен отбасыларға, өтініш бойынша, төтенше жағдай мен табиғат апаттары келтірген зиянның мөлшерінде, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
2. Әлеуметтік көмек алу үшін 1 тармақтың 1, 2, 3, 4, 5 тармақшаларында көрсетілген мұқтаж азаматтардың барлық санаттарына Ақмола облыстық «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Аршалы аудандық бөлімшесі ұсынған тізімдер негізінде беріледі.
3. Әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Аршалы аудандық мәслихаттың «Аршалы ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2011 жылғы 15 наурыздағы № 36/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-4-189 тіркелген, 2011 жылғы 22 сәуірде аудандық «Аршалы айнасы» газетінде, 2011 жылғы 23 сәуірде аудандық «Вперед» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.
5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы И.Слободянюк
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Ю.Сериков
«КЕЛІСІЛДІ»
Аршалы ауданының әкімі Е.Маржықпаев
Аршалы аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 27 наурыздағы
№ 3/2 шешіміне қосымша
Әлеуметтік көмек алу үшін қажетті
құжаттардың тізімі
1. Туберкулезбен ауыратындарға:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке куәлігі құжатының көшірмесі;
3) дәрігерлік комиссия қорытындысы;
4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
5) өтініш берушінің есеп-шоты.
2. Ауылдық (селолық) жердегі аз қамтылған отбасылардың, көп балалы отбасылардың колледждердің күндізгі бөлімшелерінде оқитын студенттеріне оқу үшін төлемге:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке куәлігі құжатының көшірмесі;
3) оқу орындарымен келісім-шарттың көшірмесі;
4) оқу орнында оқитын жерін растайтын анықтама;
5) көп балалы отбасы мәртебесін растайтын Аршалы аудандық «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы» немесе көп балалы отбасы мәртебесін растайтын «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің анықтамасы;
6) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
7) өтініш берушінің есеп-шоты.
3. Сәулелі және химиялы терапияны қабылдаған III-IV кезеңдегі онкологиялық науқас адамдарға медициналық мекемелерде емделуге:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке куәлігі құжатының көшірмесі;
3) дәрігерлік комиссия қорытындысы;
4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
5) өтініш берушінің есеп - шоты.
4. Белгілі жағдай себебінен шұғыл медициналық көмекке мұқтаж отбасыларға (азаматтарға):
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке куәлігі құжатының көшірмесі;
3) шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болу туралы дәрігерлік комиссиясының қорытындысы;
4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
5) өтініш берушінің есеп-шоты.
5. Төтенше жағдай мен табиғат апаттары нәтижесінде зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға):
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке куәлігі құжатының көшірмесі;
3) отбасына (азаматқа) табиғаттық немесе техногендік сипаттағы апат келтірген зияны туралы актісі немесе өрт сөндіру қызметі берген өрт туралы актісі;
4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
5) өтініш берушінің есеп-шоты.
6. Құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары салыстырып тексеру үшін ұсынылады, одан кейін өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.