Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2012.03.27 № 3/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аршалы ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) Жеңіс Күні мемлекеттік мерекесіне:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға әр алушыға 10 000 мың теңге мөлшерінде;
жауынгер-интернационалистерге, 1986-1989 жылдары Чернобыль апаттары атомдық электростанция зардабын жоюға қатысқандарға, бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындары болғандарға, бұрынғы Ленинград блокадасы тұрғындары болғандарға, қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің қайта некеге тұрмаған әйеліне (күйеуіне),
5 000 мың теңге мөлшерінде;
2) мерекелік күндерге:
балаларды қорғау күніне - 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
қарттар мен мүгедектер күніне-зейнеткерлер мен мүгедектерге 1, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) өмірдің қиын жағдайларына тап болған, ауданда тұрақты тұратын нақты материалдық-тұрмыстық жағдайының тексеру актісі болған азаматтарға және медициналық мекемелерде стационарлық емделуге немесе зерттелуге мұқтаж медициналық қорытындысы қолында бар тұлғаларға 1 айлық есептік көрсеткіштен 50 айлық есептік көрсеткіштен өтініш бойынша, бір жолғы;
4) төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар нәтижесінде зардап шеккен отбасыларға, өтініш бойынша 1 айлық есептік көрсеткіштен 50 айлық есептік көрсеткішке дейін, бір жолғы;
5) аз қамтылған азаматтарға, ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, негізгі азық-түліктің бағаларының қымбаттауына байланысты;
6) онкологиялық аурулардан ұзақ уақыт емделудегі азаматтарға, 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға «Аршалы аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынынан берілген медициналық қорытынды негізінде, 1 айлық есептік көрсеткіштен 50 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде, бір жолғы;
7) туберкулезбен ауыратындарға әр алушыға 15000 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
8) бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындарына «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Аршалы аудандық бөлімшесі берген тізімдердің негізінде коммуналдық төлем жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
9) ауылдық жердегі көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан колледждердің күндізгі бөлімдерінде оқитын студенттерге, оқу орнымен жасалған келісім-шарттың және оқу орны берген анықтаманың негізінде, бір жолғы.
2. Мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссияның шешімі негізінде 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге, онкологиялық аурулармен ұзақ мерзімді емделетін азаматтарға, төтенше жағдайлардың нәтижесінде зардап шеккен отбасыларға тұрақты тексеруді қажет ететін, қиын жағдайға душар болған азаматтарға әлеуметтік көмек төленеді.
3. Белгіленеді:
1) бір жолғы көмек өтініш берген айдан тағайындалады және өтініш беруші қайтыс болғанда немесе Аршалы ауданының шегінен шығып кетуіне байланысты тоқтатылады;
2) аудандық бюджеттен әлеуметтік төлемақы «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің берген тізіміне сәйкес, екінші деңгейдегі банктер арқылы әлеуметтік көмек алушының есеп шотына ақша қаражатында аударылу жолымен жүргізіледі.
4. Аршалы аудандық мәслихаттың «Аршалы ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 26/8 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-4-169 тіркелген, 2010 жылдың 28 мамырда аудандық «Аршалы айнасы» газетінде, 2010 жылғы 1 маусымда аудандық «Вперед» газетінде жарияланған), «Аршалы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 26/8 «Аршалы ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» 2010 жылғы 28 шілдесіндегі № 29/7 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде
№ 1-4-175 тіркелген, 2010 жылдың 10 қыркүйегінде аудандық «Аршалы айнасы» газетінде, 2010 жылғы 14 қыркүйегінде аудандық «Вперед» газетінде жарияланған) шешімдерінің күштері жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы А.Гусев
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Ю.Сериков
«КЕЛІСІЛДІ»
Аршалы ауданының әкімі Е.Маржықпаев
Аршалы ауданының «Экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Е.Андрух
Аршалы ауданының «Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.Чернова