Атбасар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № А-8/216 "Атбасар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № А-9/515 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 17 қыркүйекте № 3444 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № а-4/106 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 12.04.2016 № а-4/106 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының, Заңдарына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атбасар ауданы әкімдігінің "Атбасар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2010 жылғы 18 тамыздағы № А-8/216 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестірінде № 1-5-145 тіркелген, "Атбасар", "Простор" газеттерінде 2010 жылғы 8 қазанда жарияланған) қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
      қаулының атауы келесі мазмұнда жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Атбасар ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
      қаулының 1 тармағы келесі мазмұнда жаңа редакцияда баяндалсын:
      "1. Атбасар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін қылмыстық-атқару инспекциясының қызмет пробациясында есепте тұрған тұлғалары үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз көлемінде жұмыс орындарына квота белгіленсін".
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Атбасар ауданының әкімі Е.Сағдиев

О внесении изменений в постановление акимата Атбасарского района от 18 августа 2010 года № А-8/216 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освободившихся из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Атбасарском районе"

Постановление акимата Атбасарского района Акмолинской области от 27 августа 2012 года № А-9/515. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 17 сентября 2012 года № 3444. Утратило силу постановлением акимата Атбасарского района Акмолинской области от 12 апреля 2016 года № а-4/106

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Атбасарского района Акмолинской области от 12.04.2016 № а-4/106 (вводится в действие со дня подписания).
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат Атбасарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Атбасарского района "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освободившихся из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Атбасарском районе" от 18 августа 2010 года № А-8/216 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-5-145, опубликовано 8 октября 2010 года в газетах "Атбасар", "Простор") следующие изменения:
      заголовок постановления изложить в новой редакции следующего содержания:
      "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Атбасарском районе";
      пункт 1 постановления изложить в новой редакции следующего содержания:
      "1. Установить квоту рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Атбасарском районе в размере одного процента от общей численности рабочих мест.".
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.
      Аким Атбасарского района Е.Сагдиев