РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының, Заңдарына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атбасар ауданы әкімдігінің "Атбасар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2010 жылғы 18 тамыздағы № А-8/216 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестірінде № 1-5-145 тіркелген, "Атбасар", "Простор" газеттерінде 2010 жылғы 8 қазанда жарияланған) қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
қаулының атауы келесі мазмұнда жаңа редакцияда баяндалсын:
"Атбасар ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
қаулының 1 тармағы келесі мазмұнда жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. Атбасар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін қылмыстық-атқару инспекциясының қызмет пробациясында есепте тұрған тұлғалары үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз көлемінде жұмыс орындарына квота белгіленсін".
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атбасар ауданының әкімі | Е.Сағдиев |