«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5 бабының 3 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 203 ұсынысының негізінде, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылғы өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі Р.Әкімов
Астрахан ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 9 сәурдегі
№ 97 қаулысына
қосымша
2012 жылғы өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№ р/с |
Дақылдарды атауы |
Егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері |
|
басталуы |
аяқталуы |
||
1 |
Орташа кештік жаздық бидай |
12 мамырда |
27 мамырда |
2 |
Орташа піскен жаздық бидай |
14 мамырда |
1 маусымда |
3 |
Орташа ерте жаздық бидай |
18 мамырда |
4 маусымда |
4 |
Жаздық арпа, сұлы |
27 мамырда |
5 маусымда |
5 |
Қарақұмық |
25 мамырда |
5 маусымда |
6 |
Майлы тұқымға арналған күнбағыс |
11 мамырда |
20 мамырда |
7 |
Зығыр |
15 мамырда |
31 мамырда |
8 |
Мақсары |
15 мамырда |
25 мамырда |