Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 30.06.2014 № 5С28-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 4 тармағына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Егіндікөл ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мамандарына, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда, жиырма бес пайыз жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы С.Сақанов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Р.Муллаянов
КЕЛІСІЛДІ
Егіндікөл ауданының әкімі Д.Жұрымбаев