Егіндікөл ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мамандарына жиырма бес пайыз жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 5С9-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 23 қазанда № 3474 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 5С28-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 30.06.2014 № 5С28-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 4 тармағына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Егіндікөл ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мамандарына, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда, жиырма бес пайыз жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       С.Сақанов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Р.Муллаянов

      КЕЛІСІЛДІ

      Егіндікөл ауданының әкімі                  Д.Жұрымбаев

Об установлении специалистам образования, социального обеспечения и культуры, работающих в сельских населенных пунктах Егиндыкольского района повышенные на двадцать пять процентов оклады и тарифные ставки

Решение Егиндыкольского районного маслихата Акмолинской области от 28 сентября 2012 года № 5С9-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 23 октября 2012 года № 3474. Утратило силу решением Егиндыкольского районного маслихата Акмолинской области от 30 июня 2014 года № 5С28-3

      Сноска. Утратило силу решением Егиндыкольского районного маслихата Акмолинской области от 30.06.2014 № 5С28-3 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» Егиндыкольский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Установить специалистам образования, социального обеспечения и культуры, работающих в сельских населенных пунктах Егиндыкольского района, повышенные на двадцать пять процентов оклады и тарифные ставки по сравнению со ставками специалистов, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.
 
 

Председатель сессии

районного маслихата

Секретарь

районного маслихата

СОГЛАСОВАНО

Аким Егиндыкольского района


С.Саканов


Р.Муллаянов


Д.Журумбаев