Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 5С28-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 шілдеде № 4286 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 5С41-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 15.01.2016 № 5С41-6 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудан бюджетінің қаражаты есебінен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және ветеринария саласының мамандарына қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақы және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақы мен тарифтік ставка белгіленсін.
      2. Егіндікөл аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 5С9-2 "Егіндікөл ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мамандарына жиырма бес пайыз жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3474 тіркелген, 2012 жылғы 5 қарашада аудандық "Егіндікөл" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы Ш.Қабылов
      Аудандық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы Ж.Алпыспаев

      КЕЛІСІЛДІ
      Егіндікөл ауданының әкімі А.Тайжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады