Егіндікөл ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 5С11-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 21 қаңтарда № 3624 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 5С15-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 5С15-5 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы  сақталған.

      Қазақстан Республикасының  2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту, жергілікті атқарушы органдардың көмек көрсету туралы» қаулысына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Егіндікөл ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық қазыналық кәсіпорнының Егіндікөл аудандық бөлімшесінің тізімі негізінде мемлекеттік мереке – Жеңіс күніне өтініш берілмей:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне жеңілдіктері және кепілдіктері теңестірілген тұлғаларға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      әскери қызметшілері қаза тапқан және қайтыс болған отбасыларына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен  мүгедектерінің әйелдеріне 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын төлеуге ай сайын 100 пайыз мөлшерінде;
      3) туберкулезбен ауыратындарға өтініш бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;
      4) онкологиялық стационар жағдайында арнайы емделуден өтетін
      онкологиялық аурулармен ауыратындарға өтініш бойынша жылына бір рет – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылары, көп балалы отбасыларының студенттеріне оқу орнымен жасалған шарттың және оқу орнының анықтамасының негізінде оқытудың жылдық құны мөлшерінде колледждердегі оқудың күндізгі бөлімінің ақысына;
      6) төтенше жағдай (өрт), басқа да сұрапыл апаттың салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасыларына (азаматтарға) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті Егіндікөл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықтамасының негізінде - біржолғы 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) Қарттар күніне «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық қазыналық кәсіпорнының Егіндікөл аудандық бөлімшесі ұсынған тізімнің негізінде өтінішсіз зейнетақы мөлшері ең төмен зейнеткерлерге, мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) 1, 2- топтың мүгедектеріне, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға жедел емделуге (операция), кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем.
      2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
      еркін үлгіде жазылған өтініш;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      шоттың нөмірі көрсетіліп, алушының банктік шотының бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесі;
      салық төлеушінің нөмірін тіркеу куәлігінің көшірмесі;
      қосымша:
      барлық санаттағы мүгедектерге: мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі, ауру тарихынан көшірме;
      туберкулезбен ауыратындарға: медициналық мекеменің анықтамасы;
      онкологиялық аурулармен ауыратындарға: ауру тарихы көшірмесінің негізінде;
      ауылдық жерлерде тұратын аз қамтылған отбасылары және көп балалы отбасыларының студенттеріне колледждердегі оқудың күндізгі бөлімінің ақысына: оқу орнын растайтын анықтама, оқыту шартының көшірмесі, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық қазыналық кәсіпорнының Егіндікөл аудандық бөлімшесінің көп балалы отбасы мәртебесін растайтын анықтамасы және «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аз қамтылған отбасы мәртебесін растайтын анықтамасы.
      Құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары тапсырылады, одан соң өтініш берілген күні түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
      Әлеуметтік көмек тағайындаудың дұрыстығына және төлемді ұйымдастыру үшін уәкілетті органның басшысы жауап береді.
      3. Егіндікөл аудандық мәслихатының «Егіндікөл ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 5С2-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-8-125 тіркелген, аудандық «Егіндікөл» газетінде 2012 жылғы 7-14 мамырда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       С.Сақанов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Р.Муллаянов

      КЕЛІСІЛДІ

      Егіндікөл ауданының әкімі                  Д.Жұрымбаев

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Егиндыкольского района

Решение Егидыкольского районного маслихата Акмолинской области от 21 декабря 2012 года № 5С11-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 21 января 2013 года № 3624. Утратило силу решением Егиндыкольского районного маслихата Акмолинской области от 23 апреля 2013 года № 5С15-5

      Сноска. Утратило силу решением Егиндыкольского районного маслихата Акмолинской области от 23.04.2013 № 5С15-5.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 56 Бюджетного Кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», постановлением Правительства Республики Казахстан «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемой местными исполнительными органами» от 7 апреля 2011 года № 394 Егиндыкольский районный маслихат РЕШИЛ:
      1.Оказать социальную помощь отдельным категориям нуждающихся граждан Егиндыкольского района:
      1) к государственному празднику Дню Победы на основании списка Егиндыкольского районного отделения Республиканского казенного предприятия «Государственный Центр по выплате пенсий» без подачи заявления:
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере 10 месячных расчетных показателей;
      лицам, приравненных по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере 3 месячных расчетных показателей;
      семьям погибших и умерших военнослужащих в размере 2 месячных расчетных показателей;
      женам участников и инвалидов Великой Отечественной войны, не вступивших в повторный брак в размере 2 месячных расчетных показателей;
      2) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, на расходы за коммунальные услуги ежемесячно в размере 100 процентов;
      3) больным туберкулезом единовременная выплата по заявлению в размере 15 месячного расчетного показателя;
      4) больным онкологическими заболеваниями, проходящим специальное лечение в условиях онкологического стационара один раз в год по заявлению в размере 15 месячных расчетных показателей;
      5) студентам из малообеспеченных семей, многодетных семей сельской местности на оплату дневной формы обучения за учебу в колледжах в размере годовой стоимости обучения на основании договора с учебным заведением и справки с места учебы;
      6) семьям (гражданам) нуждающимся в экстренной поддержке в результате чрезвычайной ситуации (пожара), другого стихийного бедствия на основании справки, государственного учреждения «Отдел по чрезвычайным ситуациям Егиндыкольского района Департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан» в размере 50 месячных расчетных показателей единовременно;
      7) ко Дню пожилых, пенсионерам с минимальной пенсией, инвалидам, детям – инвалидам до 18 лет, на основании списка, представленного Егиндыкольским районным отделением Республиканского казенного предприятия «Государственный Центр по выплате пенсий» в размере 1,5 месячного расчетного показателя без подачи заявлений;
      8) инвалидам 1,2 группы, детям-инвалидам до 16 лет, на оперативное лечение (операция), на погребение несовершеннолетних детей, единовременная выплата в размере 15 месячного расчетного показателя.
      2. Для получения социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан необходимо представить следующие документы:
      заявление произвольной формы;
      копию документа удостоверяющего личность заявителя;
      копию документа, подтверждающего наличие банковского счета получателя с указанием номера счета;
      копию свидетельства регистрации номера налогоплательщика;
      копию документа подтверждающего место регистрации граждан;
      дополнительно:
      инвалидам всех категорий: копию справки об инвалидности, копию выписки из истории болезни;
      больным туберкулезом: справку медицинского учреждения;
      больным онкологическими заболеваниями: на основании выписки из истории болезни;
      студентам из малообеспеченных и многодетных семей, проживающих в сельской местности, на оплату дневной формы обучения в колледжах:
      справку, подтверждающую место обучения, копию договора на обучение, справку, подтверждающую статус многодетной семьи Егиндыкольского районного отделения Республиканского казенного предприятия «Государственный Центр по выплате пенсий», и справку, подтверждающую статус малообеспеченной семьи государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ Егиндыкольского района».
      Документы предоставляются в копиях и подлинниках для сверки, после чего подлинники возвращаются заявителю в день подачи заявления.
      Ответственность за правильность назначения и организацию выплаты социальной помощи несет руководитель уполномоченного органа.
      3. Признать утратившим силу решение Егиндыкольского районного маслихата от 30 марта 2012 года № 5С2-4 «Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Егиндыкольского района» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-8-125, опубликованное 7-14 мая 2012 года в районной газете «Егіндікөл»).
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата                        С.Саканов

      Секретарь
      районного маслихата                        Р.Муллаянов

      СОГЛАСОВАНО

      Аким
      Егиндыкольского района                     Д.Журумбаев