Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 5С15-5 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту, жергілікті атқарушы органдардың көмек көрсету туралы» қаулысына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Егіндікөл ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық қазыналық кәсіпорнының Егіндікөл аудандық бөлімшесінің тізімі негізінде мемлекеттік мереке – Жеңіс күніне өтініш берілмей:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне жеңілдіктері және кепілдіктері теңестірілген тұлғаларға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
әскери қызметшілері қаза тапқан және қайтыс болған отбасыларына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің әйелдеріне 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын төлеуге ай сайын 100 пайыз мөлшерінде;
3) туберкулезбен ауыратындарға өтініш бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;
4) онкологиялық стационар жағдайында арнайы емделуден өтетін
онкологиялық аурулармен ауыратындарға өтініш бойынша жылына бір рет – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылары, көп балалы отбасыларының студенттеріне оқу орнымен жасалған шарттың және оқу орнының анықтамасының негізінде оқытудың жылдық құны мөлшерінде колледждердегі оқудың күндізгі бөлімінің ақысына;
6) төтенше жағдай (өрт), басқа да сұрапыл апаттың салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасыларына (азаматтарға) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті Егіндікөл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықтамасының негізінде - біржолғы 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) Қарттар күніне «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық қазыналық кәсіпорнының Егіндікөл аудандық бөлімшесі ұсынған тізімнің негізінде өтінішсіз зейнетақы мөлшері ең төмен зейнеткерлерге, мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) 1, 2- топтың мүгедектеріне, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға жедел емделуге (операция), кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем.
2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
еркін үлгіде жазылған өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
шоттың нөмірі көрсетіліп, алушының банктік шотының бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесі;
салық төлеушінің нөмірін тіркеу куәлігінің көшірмесі;
қосымша:
барлық санаттағы мүгедектерге: мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі, ауру тарихынан көшірме;
туберкулезбен ауыратындарға: медициналық мекеменің анықтамасы;
онкологиялық аурулармен ауыратындарға: ауру тарихы көшірмесінің негізінде;
ауылдық жерлерде тұратын аз қамтылған отбасылары және көп балалы отбасыларының студенттеріне колледждердегі оқудың күндізгі бөлімінің ақысына: оқу орнын растайтын анықтама, оқыту шартының көшірмесі, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық қазыналық кәсіпорнының Егіндікөл аудандық бөлімшесінің көп балалы отбасы мәртебесін растайтын анықтамасы және «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аз қамтылған отбасы мәртебесін растайтын анықтамасы.
Құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары тапсырылады, одан соң өтініш берілген күні түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Әлеуметтік көмек тағайындаудың дұрыстығына және төлемді ұйымдастыру үшін уәкілетті органның басшысы жауап береді.
3. Егіндікөл аудандық мәслихатының «Егіндікөл ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 5С2-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-8-125 тіркелген, аудандық «Егіндікөл» газетінде 2012 жылғы 7-14 мамырда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы С.Сақанов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Р.Муллаянов
КЕЛІСІЛДІ
Егіндікөл ауданының әкімі Д.Жұрымбаев