Егіндікөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 5С 2-4 шешімі. Ақмола облысы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 24 сәуірде № 1-8-125 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 5С11-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 21.12.2012 № 5С11-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген, «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Стандартының 11 тармағына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Егіндікөл ауданында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) мемлекеттік мереке – Жеңіс Күніне:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне 15000 теңге мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға 5000 теңге мөлшерінде;
      соғыс жылдары тыл еңбеккерлеріне ордендер және медальдармен марапатталған 3000 теңге мөлшерінде;
      әскери қызметшісі қаза тапқан және қайтыс болған отбасыларына 3000 теңге мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің қайтадан некеге тұрмаған әйелдерінің әр қайсысына 3000 теңге мөлшерінде;
      концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 5000 теңге мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына коммуналдық қызмет шығындары үшін ай сайын 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) қайтыс болған «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) 1, 2, 3 топтардың мүгедектеріне, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға медициналық мекемелерде емделу және тексерілу үшін әрбір алушыға 20000 теңге мөлшерінде бір жолғы төлем;
      4) туберкулезбен ауыратындарға әрбір алушыға 20000 теңге мөлшерінде бір жолғы төлем;
      5) онкологиялық стационар жағдайында арнайы емделуден өтетін онкологиялық аурулармен ауыратындарға жылына бір рет өтініш бойынша 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) кедейлік шегінен төмен тұратын және «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған аз қамтылған азаматтарға әрбір алушыға бір жолғы 10000 теңге мөлшерінде;
      7) ауылдық (селолық) жерлердегі аз қамтылған отбасыларының, көп балалы отбасыларының студенттеріне колледждің күндізгі бөліміндегі оқудың жылдық ақысы мөлшерінде оқуына төлеуге;
      8) өрттен және басқа да төтенше жағдайларда зардап шеккен отбасыларына (азаматтарға) 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      9) қарттар Күніне «Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық» Республикалық қазыналық кәсіпорнының Егіндікөл аудандық бөлімшесі ұсынған тізімнің негізінде зейнетақылары ең төмен зейнеткерлерге өтінішсіз 2000 теңге мөлшерінде.
      2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті алу үшін «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
      барлық санаттар үшін:
      осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның өтініші;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      шот нөмірі көрсетілген алушының банктік шотын растайтын құжаттың көшірмесі;
      тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      қосымша:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне, әскери қызметшісі қаза тапқан және қайтыс болған отбасыларына, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің әйелдеріне, концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына: жеңілдік санатына жататындығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      қайтыс болған есепте тұрған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге: қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;
      барлық санаттағы мүгедектерге: мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі, ауру тарихы үзіндісінің көшірмесі;
      туберкулезбен ауыратындарға: медициналық мекеменің анықтамасы;
      онкологиялық аурулармен ауыратындарға: ауру тарихы үзіндісінің негізінде;
      аз қамтылған азаматтарға: отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын кірісі туралы анықтама;
      ауылдық (селолық) жерлердегі аз қамтылған және көп балалы отбасыларының студенттеріне колледждің күндізгі бөліміндегі оқудың ақысын төлеуге: оқу орнын растайтын анықтама, оқу келісім-шартының көшірмесі, «Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық» Республикалық қазыналық кәсіпорнының Егіндікөл аудандық бөлімшесі берген көп балалы отбасы мәртебесін растайтын анықтама және «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен берілген аз қамтылған отбасы мәртебесін растайтын анықтама;
      өрттен және басқа да төтенше жағдайларда зардап шеккен отбасыларына (азаматтарға): «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігінің Ақмола облысының төтенше жағдайлары бойынша Департаментінің Егіндікөл ауданының төтенше жағдайлар бойынша бөлімі» мемлекеттік мекемесінің актісі.
      Құжаттар көшірме мен түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі, өтініш берілген күні түпнұсқалары қайтарылып беріледі.
      3. Егіндікөл аудандық мәслитхаттың 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 4С29-6 «Егіндікөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-8-105 тіркелген, 2011 жылғы 1 наурызда аудандық «Егіндікөл» газетінде жарияланған) шешімі күшін жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А. Касенова

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Р. Муллаянов

      КЕЛІСІЛДІ

      Егіндікөл ауданының әкімі                  Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады