Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 30.10.2014 № 1106 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 5-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурызындағы «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңының 5-бабының 3-тармағының 3-тармақшасына және «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 355 байламдары сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарын 2012 жылы Еңбекшілдер ауданы бойынша егіс жұмыстарын бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Еңбекшілдер ауданы әкімінің орынбасары Б.Ш.Қалиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.Садуақасұлы
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 7 мамырдағы
№ А-4/145 қаулысына
қосымша
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын
ауыл шаруашылығы дақылдарын 2012 жылы Еңбекшілдер
ауданы бойынша егіс жұмыстарын бастаудың
және аяқтаудың оңтайлы мерзімдері
№ |
Міндетті сақтандыруға |
Егіс жұмыстарын бастаудың және |
Кәдімгі және оңтүстік қара топырақты құрғақшыл дала |
||
1 |
Жаздық бидай |
14-31 мамыр аралығында |
2 |
Жаздық арпа мен сұлы |
27 мамырдан 2 маусымға дейін |
3 |
Қарақұмық |
25 мамырдан 5 маусымға дейін |
4 |
Бұршақ |
20-27 мамыр аралығында |
5 |
Ноқат |
8-14 мамыр аралығында |
6 |
Майлы тұқымға себілетін |
10-20 мамыр аралығында |
7 |
Рапс |
15-25 мамыр аралығында |
8 |
Майлы зығыр |
17-27 мамыр аралығында |
9 |
Сүрлемге арналған жүгері |
17-25 мамыр аралығында |