Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 24.06.2014 № а-5/177 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18, 238 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына сәйкес, «Ауылдық (селолық) елді мекендерде жұмыс істейтін, аудандық бюджеттің қаражатынан әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарына тізбесін келісу туралы» Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 сәуірдегі № С-3/3 шешімінің негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбекшілдер ауданының ауылдық (селолық) жерде жумыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандардың лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Еңбекшілдер ауданы әкімінің орынбасары Б.Ш.Қалиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.САДУАҚАСҰЛЫ
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің
2012 жылғы «7» мамыр
№ А-4/148 қаулысына қосымша
Еңбекшілдер ауданының ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандардың лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) мүгедектер мен қарт адамдарды күтү бойынша әлеуметтік қызметкер.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) қазынашылық кәсіпорын, мемлекеттік мекемесін басшысы және басшысының орынбасары;
2) педагогикалық қызметкер және оған сәйкес тұлғалар: барлық пәндер мұғалімі, тәрбиеші, әдіскер, музыка жетекшісі, көркемдік жетекшісі, педагог-психолог, бастаушы, алғашқы әскери дайындықтың мұғалімі;
3) мамандар (бас, аға) оның ішінде: кітапхана меңгерушісі, кітапханашы, медбике.мәдени ұйымдастырушы, кітапханашы, көркед.
3. Должности специалистов культуры:
1) казынашылық кәсіпорын, мемлекеттік мекеменің басшысы;
2) мамандар (бас,аға) оның ішінде: мәдени ұйымдастырушы, кітапханашы, көркемдік жетекшісі.