Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 03.11.2014 № а-9/416 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, шартты түрде сотталған адамдарды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдардың түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жақсы ауданында бас бостандығын айыру орындарынан босатылған адамдар, шартты түрде сотталған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ж.Бралинаға жүктелсін.
2. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі И.Қабдуғалиев