Жақсы ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, шартты түрде сотталған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № А-7/303 қаулысы. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 15 тамызда № 1-13-159 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № а-9/416 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 03.11.2014 № а-9/416 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 3137 баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының  5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, шартты түрде сотталған адамдарды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдардың түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Жақсы ауданында бас бостандығын айыру орындарынан босатылған адамдар, шартты түрде сотталған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ж.Бралинаға жүктелсін.
      2. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                И.Қабдуғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады