РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6)-тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылық тартып жүрген, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 20.09.2013 № А-9/302 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Сандықтау ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары В.Г. Горохводацкийге жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкімі | Қ.Сүйіндіков |