Сандықтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № А-9/302 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қазанда № 3844 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № А-4/86 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 22.04.2016 № А-4/86 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Сандықтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сандықтау ауданының әкімі Е.Сағдиев

  Сандықтау ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 20 қыркүйектегі
№ А-9/302 қаулысымен
бекітілген

Сандықтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер

      1. Сандықтау ауданы әкімдігінің "Жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2009 жылғы 7 шілдедегі № А-6/230 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-16-96 болып тіркелген, 2009 жылдың 27 шілдесінде "Сандыктауские вести" газетінде жарияланған) қаулысында кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 1-тармағының 5-2)-тармақшасына сәйкес, әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға қолғабыс көрсету мақсатында Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Сандықтау ауданы әкімдігінің "Сандықтау ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2012 жылғы 30 шілдедегі № А-7/278 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-16-157 болып тіркелген, 2012 жылдың 2 наурызында "Сандыктауские вести" газетінде жарияланған) қаулысында кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6)-тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылық тартып жүрген, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      3. Сандықтау ауданы әкімдігінің "Сандықтау ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың 2013 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы" 2013 жылғы 3 қаңтардағы № А-1/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3617 болып тіркелген, 2013 жылдың 25 қаңтарында "Сандыктауские вести" газетінде жарияланған) қаулысында кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына және 7-бабының 2)-тармақшасына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады