Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Целиноград ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі бекітілсін:
1) ұзақ уақыт жұмыс істемегендер (бір жылдан артық);
2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3) бірде–бір жұмыс істемейтін отбасылар;
4) техникалық және кәсіптік оқу орындарының түлектері.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.А.Жанбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград ауданының әкімі | М.Жунусов |