Целиноград ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы № А-1/11 қаулысы. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 3 ақпанда № 1-17-163 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № А-2/176 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № А-2/176 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Целиноград ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі бекітілсін:
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемегендер (бір жылдан артық);
      2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) бірде–бір жұмыс істемейтін отбасылар;
      4) техникалық және кәсіптік оқу орындарының түлектері.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.А.Жанбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Целиноград ауданының әкімі М.Жунусов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады