Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 15.12.2014 № А-11/280а (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметтің cтандартына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Шортанды ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № А-/73 «Шортанды ауданында үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 2010 жылдың 11 мамырында № 1-18-112 болып тіркелген, 2010 жылдың 22 мамырында аудандық № 19 «Вести», «Өрлеу» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары М.А.Атабаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданы
әкімінің міндетін атқарушы М.Атабаев