Шортанды ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № А-1/73 қаулысы. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 мамырда № 1-18-112 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 шілдедегі № А-6/250 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2012.07.30 № А-6/250 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы 11 бабы 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, үйде тәрбиеленіп және оқитын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету мақсатында Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шортанды ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету көрсетілсін.
      2. Белгіленсін:
      1) материалдық қамтамасыз ету ағымдағы жыл бойы алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде он сегіз жасқа толмаған әр мүгедек балаға бір тоқсанға тағайындалады;
      2) үйде тәрбиеленіп және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеу қаржыландыру болуына қарай өткен тоқсанға жүргізіледі. Материалдық қамтамасыз етуді тоқтату жағдайлар туындаған кезде (мүгедек бала он сегіз жасқа толса, мүгедек бала қайтыс болса, мүгедектігі алынса) төлем төлеуі осындай жағдайлар туындаған айдан кейінгі айда тоқтатылады.
      3. Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету үшін аудан бюджетінен бөлінген ақшалай қаражаттарды уақытында игеруді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдасын.
      4. Шортанды ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № А-1/37 «Шортанды ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімде № 1-18-48 болып тіркелген, 2008 жылғы 22 наурызда № 12 аудандық «Өрлеу» газетінде, 2008 жылғы 22 наурызда № 12 аудандық «Вести» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары В.П.Игнатовқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды ауданының
      әкімі                                      С.Қамзебаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Шортанды ауданының
      «Білім беру бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    М.Атабаев

      Шортанды ауданының
      «Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Ж.Мунтаева

      Шортанды ауданының
      «Экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    О.Мут

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады