Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды ауданды әкімдігінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № А-6/250 қаулысы. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 27 тамызда № 1-18-162 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № А-11/280а қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 15.12.2014 № А-11/280а (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметтің cтандартына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Шортанды ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № А-/73 «Шортанды ауданында үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 2010 жылдың 11 мамырында № 1-18-112 болып тіркелген, 2010 жылдың 22 мамырында аудандық № 19 «Вести», «Өрлеу» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары М.А.Атабаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды ауданы
      әкімінің міндетін атқарушы                 М.Атабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады