Бурабай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымдағы № 5С-7/2 шешімі. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 20 шілдеде № 1-19-234 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 қарашадағы № 01-15/177 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 11.11.2014 № 01-15/177 хатымен).

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» Қаулысының 2 тармағына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіш мөлшерінен аспайтын тұрғын үй сатып алу немесе салуға бюджеттік несие түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшіне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Аудандық мәслихаттың
      VІІ (кезектен тыс)
      сессиясының төрағасы                       Ж.Бектұров

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Ө.Бейсенов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бурабай ауданының әкімі                    Ә.Ғазиз

О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорт и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Бурабайского района

Решение Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 21 июня 2012 года № 5С-7/2. Зарегистрирвано Управлением юстиции Бурабайского района Акмолинской области 20 июля 2012 года № 1-19-234. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 11 ноября 2014 года № 01-15/177)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 11.11.2014 № 01-15/177).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», подпунктом 4) пункта 3 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий», пунктом 2 Постановления Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года «Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты», Бурабайский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить меры социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района, в виде подъемного пособия в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю и бюджетного кредита на приобретение или строительство жилья в сумме, не превышающей одна тысяча пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.


      Председатель
      VІІ (внеочередной) сессии
      районного маслихата                        Ж.Бектуров

      Секретарь
      районного маслихата                        У.Бейсенов

      «СОГЛАСОВАНО»

      Аким Бурабайского района                   Ә.Ғазиз