Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 11.11.2014 № 01-15/177 хатымен).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» Қаулысының 2 тармағына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіш мөлшерінен аспайтын тұрғын үй сатып алу немесе салуға бюджеттік несие түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшіне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
VІІ (кезектен тыс)
сессиясының төрағасы Ж.Бектұров
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Ө.Бейсенов
«КЕЛІСІЛДІ»
Бурабай ауданының әкімі Ә.Ғазиз