Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық мәслихатының 17.05.2021 № 43 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 3 желтоқсандағы № 505-IV Заңының 1-бабының 4-тармағына, "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексiнің 495-бабының 9-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3349 тіркелген, 2011 жылғы 6 қаңтардағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінің № 1-2 жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
шешімнің 1-тармағының 2 абзацы, "6" санынан кейін "6-1" сандарымен толықтырылсын;
шешімге қосымшадағы:
6-тармақтың 1.3.7 тармақшасы - алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары бір тонна үшін 7,54 АЕК-ті құрайды".
2. Мәслихаттың осы шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Облыстықмәслихаттың хатшысы |
Қ.ЕЛУБАЕВ | С.ҚАЛДЫҒҰЛОВА |