Әйтеке би ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 55 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 сәуірде № 3-2-132 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 07 шілдедегі № 125 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімдігінің 07.07.2016 № 125 қаулысымен
      Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімдігінің 08.02.2013 № 27 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту мақсатында, Әйтеке би ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан тұлғалар және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санының бес пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімдігінің 08.02.2013 № 27 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. "Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бас бостандылығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды белгіленген квотаға сәйкес бос жұмыс орындарына орналасуға жолдамамен қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.Б.Рахметовке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан Әкімі:
А.Бердалин

      

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций по Айтекебийскому району

Постановление акимата Айтекебийского района Актюбинской области от 30 марта 2012 года № 55. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 18 апреля 2012 года № 3-2-132. Утратило силу постановлением акимата Айтекебийского района Актюбинской области от 07 июля 2016 года № 125

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Айтекебийского района Актюбинской области от 07.07.2016 № 125
      Сноска. Заголовок постановления в редакции постановления акимата Айтекебийского района Актюбинской области от 08.02.2013 № 27 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 149 "О занятости населения", в целях обеспечения занятости лиц, освободившихся из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций, испытывающих трудности в поиске работы, акимат Айтекебийкого района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере пяти процентов от общей числености.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления акимата Айтекебийского района Актюбинской области от 08.02.2013 № 27 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Государственному учреждению "Айтекебийский районный отдел занятости и социальных программ" обеспечить направление лиц освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организации для трудоустройства на имеющиеся вакантные рабочие места в соответствии с установленной квотой.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Рахметова Т.Б.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.
      Аким района А.Бердалин