Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімдігінің 08.02.2013 № 27 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту мақсатында, Әйтеке би ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан тұлғалар және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санының бес пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімдігінің 08.02.2013 № 27 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. "Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бас бостандылығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды белгіленген квотаға сәйкес бос жұмыс орындарына орналасуға жолдамамен қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.Б.Рахметовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан Әкімі: | А.Бердалин |