Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 55 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 27 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 ақпанда № 3542 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 07 шілдедегі № 125 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімдігінің 07.07.2016 № 125 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына сәйкес Әйтеке би ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әйтеке би аудан әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 55 "Әйтеке би ауданындағы белгіленген санаттағы тұлғалары үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-2-132 тіркелген, 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 18 (1691) "Жаңалық жаршысы" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының атауы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Әйтеке би ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы".
      1 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан тұлғалар және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санының бес пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін."
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Бөлековаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан Әкімі А.Бердалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады