Алға ауданы аумағында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 63 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 16 қаңтарда № 3495 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 130 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 24.12.2013 № 130 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет Кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес Алға аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға және бала жасынан, жалпы аурудан І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алушыларға, жарақат алған, не болмаса әскери борышын орындауға байланысты емес аурулардан әскери қызметшілер қатарынан мүгедектерге ай сайын 3000 (үш мың) теңге мөлшерінде;
      2) кәмелеттік жасқа толмаған (18 жасқа дейінгі) балаларына атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына Халықаралық балаларды қорғау күніне біржолғы 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
      3) ең төменгі және ең төменгі зейнетақыдан да төмен мемлекеттік базалық төлемдерді қоса есептегенде зейнетақы алушыларға, облыстық дәрежедегі зейнеткерлерге Халықаралық қарттар күніне бір жолғы 10000 (он мың) теңге мөлшерінде;
      4) ұзақ мерзімді емдеуде жатқан, онкологиялық аурулармен және туберкулезбен ауыратын азаматтарға бір жолғы 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2. Әлеуметтік көмек ақшалай түрде аудандық бюджет қаражаты есебінен алушылардың жеке есеп шотына аудару жолымен көрсетіледі.
      3. Әлеуметтік көмек төлем алушылар толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болған кезде тоқтатылады.
      4. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 8 «Халықтың әлеуметтік әлжуаз санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-73 тіркелген, аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 18 санында жарияланған) және 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 «Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 8 «Халықтың әлеуметтік әлжуаз санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-118 тіркелген, аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің 2011 жылғы 1 ақпандағы № 6-7 санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күн тізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат            Аудандық мәслихаттың
    сессиясының төрайымы                 хатшысы

     Г. Джармухамбетова                А. Кайрушев

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан, проживающим на территории Алгинского района

Решение маслихата Алгинского района Актюбинской области от 21 декабря 2012 года № 63. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 16 января 2013 года № 3495. Утратило силу решением маслихата Алгинского района Актюбинской области от 24 декабря 2013 года № 130

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Алгинского района Актюбинской области от 24.12.2013 № 130.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и подпункта 4 пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года № 95 Алгинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать социальную помощь отдельным категориям нуждающихся граждан:
      1) ежемесячную социальную помощь семьям, имеющим детей-инвалидов до шестнадцати лет и получателям государственных социальных пособий по инвалидности І, ІІ, ІІІ групп с детства, от общего заболевания, инвалидам из числа военнослужащих, получившим увечья, либо заболевания, не связанные с выполнением воинского долга в размере 3000 (три тысячи) тенге;
      2) к Международному дню защиты детей семьям, получающим социальную адресную помощь на несовершеннолетних детей (до 18 лет) единовременную помощь в размере 20000 (двадцать тысяч) тенге;
      3) к Международному дню пожилых людей пенсионерам, получающим минимальную пенсию и пенсию ниже минимальной пенсии и персональным пенсионерам областного значения единовременную помощь в размере 10000 (десять тысяч) тенге;
      4) гражданам, больным онкологическими заболеваниями и туберкулезом, находящимся на длительном лечении в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей.
      2. Социальная помощь оказывается в денежной форме за счет средств районного бюджета, путем перечисления на лицевые счета получателей.
      3. Выплата социальной помощи приостанавливается на период нахождения получателей на полном государственном обеспечении.
      4. Признать утратившими силу решений районного маслихата от 8 апреля 2009 года № 8 «Об оказании социальной помощи малообеспеченным слоям населения» (Зарегистрированное в государственном реестре нормативно-правовых актов за № 3-3-73, опубликованное в районной газете «Жұлдыз-Звезда» № 18 от 28 апреля 2009 года) и от 23 декабря 2010 года № 7 «О внесении изменений в решение районного маслихата от 8 апреля 2009 года № 8 «Об оказании социальной помощи малообеспеченным слоям населения» (Зарегистрированное в государственном реестре нормативно-правовых актов за № 3-3-118,опубликованное в районной газете «Жұлдыз-Звезда» № 6-7 от 1 февраля 2011 года).
      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Председатель сессии            Секретарь районного
      районного маслихата:                маслихата:

      Г. Джармухамбетова                А. Кайрушев