Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 63 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабын, Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4-желтоқсанындағы № 95 Қазақстан Республикасының бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4-тармақшасын, Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 16 қарашасындағы № 474 "Ең төменгі күнкөріс деңгейі туралы" Заңын және 2009 жылғы 13 наурыздағы Ақтөбе облысы әкімдігінің № 80 "2007 жылғы 10 мамырдағы Ақтөбе облысы әкімдігінің № 156 "Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға қосымша көмек беру туралы" қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" Қаулысын басшылыққа ала отырып Алға аудандық Мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Азық – түлік бағасының көтерілуіне байланысты халықтың әлеуметтік әлжуаз санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, аз қамтылған отбасылардың жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша анықталған кедейшілік шегінен аспайтын отбасыларға 1,5 айлық есептік көрсеткіш, жалпы мөлшері базалық қосымша төлемді қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен мөлшерде жасына байланысты зейнетақы алатын зейнеткерлерге 3000 теңге көлемінде жергілікті бюджет қаржысы есебінен ай сайын ақшалай әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2010.12.23 № 7 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн соң өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
2. Алға аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 шілдедегі № 2 "Халықтың әлеуметтік әлжуаз санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (Алға аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 31 шілдесінде мемлекеттік тіркеу № 3-3-59) шешімнің күші жойылсын.
3. Осы шешім аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат
сессиясының төрағасы: хатшысы:
Р.Н.Кенжегарин А.Ш.Кайрушев