Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 8 "Халықтың әлеуметтік әлжуаз санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Алға аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 қаңтарда № 3-3-118 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 63 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 63 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Қазақстан Республикасының бюджет Кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 16 қарашасындағы № 474 «Ең төменгі күнкөріс деңгейі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 01-7.13 отырыс хаттамасына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2010 жылғы 21 қарашадағы № 06-2-2-20/2891-Д,1 және Ақтөбе облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2010 жылғы 2 желтоқсандағы № 6-4579 хаттарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жыл 8 сәуірдегі «Халықтың әлеуметтік әлжуаз санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» (Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-73 тіркелген, 2009 жылғы 28 сәуірдегі аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің № 18 жарияланған) № 8 шешіміне төмендегідей өзгерту енгізілсін:
      шешімнің бірінші тармағындағы «ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге» деген сөздер «жалпы мөлшері базалық қосымша төлемді қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен мөлшерде жасына байланысты зейнетақы алатын зейнеткерлерге» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн соң өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының
      төрағасы, мәслихат хатшысы                 А.Кайрушев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады