Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 28.08.2013 № 82 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) кәмелеттік жасқа толмаған (18 жасқа дейінгі) балаларына атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына Халықаралық балалар күніне бір жолғы 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
2) ең төменгі және ең төменгі зейнетақыдан да төмен зейнетақы алушыларға, облыстық дәрежедегі зейнеткерлерге Халықаралық Қарттар күніне бір жолғы 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;
3) төмендегі I, II, III топтағы мүгедектердің санаттарына:
жалпы аурулардан, еңбекте мертігуден, кәсіби аурулардан мүгедек болғандар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, бала кезінен мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;
себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, соның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан және /немесе/ олардың зардаптарынан болған мүгедектер ай сайын 3 000 (үш мың) теңге мөлшерінде;
4) жан басына шаққанда орташа айлық табысы облыста белгіленген азық-түлік себетінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мүгедектерге тапсырылған құжаттар негізінде және онкологиялық, өкпе ауруымен ауыратын адамдарға медициналық мекемеден келген тізім бойынша табыстарын есепке алмай жылына бір рет - 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық жәрдем берілсін.
2. «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 24 шілдедегі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 27 тамыздағы № 3-4-81 санымен тіркелген, 2009 жылғы 27 тамыздағы «Жем-Сағыз» газетінің № 35 санында жарияланған) № 101, «2009 жылғы 24 шілдедегі № 101 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 25 желтоқсандағы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 3-4-89 санымен тіркелген, 2010 жылғы 28 қаңтардағы «Жем-Сағыз» газетінің № 5 санында жарияланған) № 114 шешімдерінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Т. Шәудір
Мәслихат хатшысы Б. Турлыбаев