Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2012 жылғы 29 қазандағы № 39 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 қарашада № 3433 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 82 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 28.08.2013 № 82 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) кәмелеттік жасқа толмаған (18 жасқа дейінгі) балаларына атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына Халықаралық балалар күніне бір жолғы 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
      2) ең төменгі және ең төменгі зейнетақыдан да төмен зейнетақы алушыларға, облыстық дәрежедегі зейнеткерлерге Халықаралық Қарттар күніне бір жолғы 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;
      3) төмендегі I, II, III топтағы мүгедектердің санаттарына:
      жалпы аурулардан, еңбекте мертігуден, кәсіби аурулардан мүгедек болғандар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, бала кезінен мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, соның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан және /немесе/ олардың зардаптарынан болған мүгедектер ай сайын 3 000 (үш мың) теңге мөлшерінде;
      4) жан басына шаққанда орташа айлық табысы облыста белгіленген азық-түлік себетінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мүгедектерге тапсырылған құжаттар негізінде және онкологиялық, өкпе ауруымен ауыратын адамдарға медициналық мекемеден келген тізім бойынша табыстарын есепке алмай жылына бір рет - 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық жәрдем берілсін.
      2. «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 24 шілдедегі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 27 тамыздағы № 3-4-81 санымен тіркелген, 2009 жылғы 27 тамыздағы «Жем-Сағыз» газетінің № 35 санында жарияланған) № 101, «2009 жылғы 24 шілдедегі № 101 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 25 желтоқсандағы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 3-4-89 санымен тіркелген, 2010 жылғы 28 қаңтардағы «Жем-Сағыз» газетінің № 5 санында жарияланған) № 114 шешімдерінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                        Т. Шәудір

      Мәслихат хатшысы                    Б. Турлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады