Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2012.10.29 № 39; 2012.12.13 № 04-13/355 Хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
"Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 101 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 27 тамыздағы № 3-4-81 санымен тіркелген, 2009 жылғы 27 тамыздағы № 35 "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1. 1 тармақтың 3 тармақшасындағы "отбасылардан шыққан" деген сөздер "отбасыларға," деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Абжанов
Мәслихат хатшысы Б. Турлыбаев