Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандарға әр санат үшiн жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
2. "Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандарды квотаға сәйкес жұмысқа орналастыруда жәрдемдесу жөніндегі шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Шахинге жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкiмі | М. ДУАНБЕКОВ |