1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ырғыз ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін | |
уақытша атқарушы | А.ШАХИН |
Аудан әкімдігінің 2016 жылғы | |
25 сәуірдегі № 79 қаулысына | |
қосымша |
Аудан әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының ТІЗБЕСІ
1. Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 17 қазандағы № 211 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 08 қарашада № 3428 ретпен тіркелген).2. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 81 "Ырғыз ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 10 шілдеде № 4430 ретпен тіркелген).
3. Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 27 "2016 жылға Ырғыз ауданы бойынша ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемін және нақты жағдайларын бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 4 наурызда № 4763 ретпен тіркелген).