Ескерту. Шешімнің орыс тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "аула", "аульного" сөздері "села", "сельского" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімінің 19.12.2014 № 4 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі деректемелеріндегі "аульного" сөзі тиісінше "сельского" сөзімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімінің 25.09.2017 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Қаракөл ауылы халқының пікірін ескере отырып, Мұғалжар ауданы Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімінің 25.09.2017 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Қаракөл ауылының атаусыз көшелеріне атаулар берілсін.
№ 1 көшеге - "Мектеп"
№ 2 көшеге - "Ауылшаруашылық"
№ 3 көшеге - "Әйтеке би"
№ 4 көшеге - "Достық"
№ 5 көшеге - "Бейбітшілік"
№ 6 көшеге - "Ахмет Жұбанов"
№ 7 көшеге - "Қазақстан"
№ 8 көшеге - "Наурыз"
№ 9 көшеге - "Қаракөл"
№ 10 көшеге - "Жеңіс"
№ 11 көшеге - "Орқаш"
№ 12 көшеге - "Құрылыс"
№ 13 көшеге - "1 Мамыр"
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі |
Б.Қ. Құлмағамбетов |