Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №5 "Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі Қаракөл ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қаңтарда № 4175 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі №121-V "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына сәйкес Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №5 "Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі Қаракөл ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-9-166 болып тіркелген, 2012 жылғы 5 сәуірде аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің орыс тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "аула", "аульного" сөздері "села", "сельского" сөздерімен ауыстырылсын.
      Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі К.Биримжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады