Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 8 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қазанда № 5672 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      1) 2008 жылғы 20 қарашадағы № 3 қазақ тіліндегі "Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс ауылындағы көшеге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-85 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 желтоқсанда "Мұғалжар" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Қаракөл ауылы халқының пікірін ескере отырып, Мұғалжар ауданы Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      2) 2012 жылғы 17 ақпандағы № 5 "Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі Қаракөл ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-166 болып тіркелген, 2012 жылғы 5 сәуірдегі "Мұғалжар" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:

      көрсетілген орыс тіліндегі шешімінің деректемелеріндегі "аульного" сөзі тиісінше "сельского" сөзімен ауыстырылсын;

      шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Қаракөл ауылы халқының пікірін ескере отырып, Мұғалжар ауданы Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауданы
Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі
Ж. Бисенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады