Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 7-бабының 5-2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына және 37 бабына сәйкес Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік түріне қарамастан Хромтау ауданының кәсіпорындары мен ұйымдары мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан 3 % көлемінде жыл сайын жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды ұйымдастыру "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Сержановқа жүктелсін.
3. Хромтау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 25 "Ұйым, кәсіпорын және мекемелерде мүгедектерді жұмысқа алу үшін 2010 жылға жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілердін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-114 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 26 наурызында "Хромтау" газетінде № 14-15 ресми жарияланған) күші жойылды деп саналсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ельдесовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Усмангалиев |