Ескерту. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2010.12.31 № 329; 2012.02.08 № 29 Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-2, 5-3 тармақшаларына Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кәсіпорын, ұйым және мекемелер басшылары жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квоталары белгіленсін.
2. "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының жүзеге асырылуы бойынша жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
3. "Хромтау аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру ұйымдастырылсын.
4. Хромтау ауданы әкімдігінің "Ұйым, кәсіпорын және мекемелерде мүгедектерді жұмысқа алу үшін 2009 жылға жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы" 2009 жылғы 10 ақпандағы № 49 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-88 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 26 наурызда "Хромтау" газетінде № 15-16 нөмірінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Ельдесовке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Усмангалиев |