Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 19.03.2013 № 67 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шалқар ауданының ауылдық елді мекендеріне 2012 жылы жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдем ақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.
2. Шалқар аудандық мәслихатының «2011 жылға ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау мақсатында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит ұсыну туралы» Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 229 шешімі (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-143 санымен тіркелген, «Шалқар» газетінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 7-8(8159) санымен жарияланған), Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 229 «2011жылға ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау,білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау мақсатында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит ұсыну туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шалқар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 296 шешімі (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-158 санымен тіркелген, «Шалқар» газетінің 2011жылғы 19 қазандағы № 45(8196) санымен жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы хатшысы
О. Уксакбаев С. Тулемисов