2011 жылға ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау мақсатында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 229 шешімі. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 қаңтарда № 3-13-143 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 тамыздағы № 33 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2012.08.10 № 33 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысының 23 тармақтарына және жоғарыда бекітілген Ереженің 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       1. Шалқар ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарына 2011 жылы:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме ақы;
      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауға бір мың бес  жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2011.09.23 № 296 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      2. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі, кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасын жылдық 0,01 % мөлшерінде белгіленеді.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың               Аудандық мәслихаттың
        сессия төрағасы                       хатшысы

           С.Әйтенов                        С.Тулемисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады