Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 229 "2011 жылға ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау мақсатында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 296 шешімі. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 қазанда № 3-13-158 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 тамыздағы № 33 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2012.08.10 № 33 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 229 «2011 жылға ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау мақсатында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит ұсыну туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-143 санымен тіркелген, «Шалқар» газетінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 7-8 (8159) санымен жарияланған) шешіміне өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақтың 2 тармақшасындағы:
      «алты жүз отыз еселік » деген сөздер «бір мың бес жүз еселік» деген сөздермен ауыстырылсын
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың               Аудандық мәслихаттың
        сессия төрағасы                        хатшысы

            Ж.Елемес                         С.Тулемисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады