Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 28.10.2013 N 10-352 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Алакөл аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алакөл ауданындағы еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі төмендегідей белгіленсін:
екі және одан да көп ай жұмыс істемейтін адамдар;
бұрын жұмыс істемеген адамдар;
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
отбасында бірде-бір жұмыс істейтін мүшесі жоқ тұлғалар;
техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер;
елу жастан асқан тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімінің орынбасары Салтанат Дәулетханқызы Меңлібаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Жақанбаев