Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 06 маусымдағы N 6-224 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 20 маусымда N 2-5-180 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қазандағы N 10-352 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің  28.10.2013 N 10-352 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Алакөл аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алакөл ауданындағы еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі төмендегідей белгіленсін:
      екі және одан да көп ай жұмыс істемейтін адамдар;
      бұрын жұмыс істемеген адамдар;
      жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      отбасында бірде-бір жұмыс істейтін мүшесі жоқ тұлғалар;
      техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер;
      елу жастан асқан тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімінің орынбасары Салтанат Дәулетханқызы Меңлібаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ә. Жақанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады