Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 16.04.2021 № 99 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алакөл аудан әкімдігінің 2011 жылғы 31 қазандағы "Алакөл ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 10-302 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылы 22 қарашада N 2-5-162 болып тіркелген, аудандық "Алакөл" газетінде 2012 жылы 11 ақпанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Алакөл ауданында қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы"
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Меншік құқығына қарамастан, Алакөл ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бес пайыз мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін."
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Салтанат Дәулетханқызы Меңлібаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ә. Жақанбаев |