Алакөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 қазандағы "Алакөл ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 10-302 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 қазандағы N 10-375 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 19 қарашада N 2195 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 99 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 16.04.2021 № 99 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алакөл аудан әкімдігінің 2011 жылғы 31 қазандағы "Алакөл ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 10-302 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылы 22 қарашада N 2-5-162 болып тіркелген, аудандық "Алакөл" газетінде 2012 жылы 11 ақпанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Алакөл ауданында қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы"

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Меншік құқығына қарамастан, Алакөл ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бес пайыз мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін."

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Салтанат Дәулетханқызы Меңлібаеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Ә. Жақанбаев


О внесении изменении в постановление акимата Алакольского района от 31 октября 2011 года "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Алакольском районе" N 10-302

Постановление акимата Алакольского района Алматинской области от 29 октября 2012 года N 10-375. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 19 ноября 2012 года N 2195. Утратило силу постановлением акимата Алакольского района Алматинской области от 16 апреля 2021 года № 99

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Алакольского района Алматинской области от 16.04.2021 № 99 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии подпунктом 5-5) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", со статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" акимат Алакольского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Алакольского района от 31 октября 2011 года N 10-302 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Алакольском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 22 ноября 2011 года за N 2-5-162 и опубликованное в районной газете "Алакөл" 11 февраля 2012 года) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об установлении квоты рабочих мест для лиц состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы".

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Установить квоту рабочих мест для лиц состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы в размере пяти процентов от общей численности рабочих мест в организациях и предприятиях Алакольского района, независимо от форм собственности."

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Менлибаеву Салтанат Даулетхановну.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким района

Жаканбаев А.