"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алакөл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Алакөл ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.С. Сатыбалдиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Абдинов |
Аудан әкімі 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 99 Алакөл ауданы әкімдігінің қаулысының қосымшасы |
Алакөл ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі
1. Алакөл ауданы әкімдігінің "Алакөл ауданында қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2011 жылғы 31 қазандағы № 10-302 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-5-162 тіркелген, 2012 жылдың 11 ақпанында № 06 "Алакөл" газетінде жарияланған);
2. Алакөл ауданы әкімдігінің "Алакөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 қазандағы "Алакөл ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 10-302 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 10-375 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2195 тіркелген, 2012 жылдың 08 желтоқсанында № 47 "Алакөл" газетінде жарияланған);
3. Алакөл ауданы әкімдігінің "Алакөл ауданында интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 10-376 қаулысы ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2194 тіркелген, 2012 жылдың 08 желтоқсанында № 47 "Алакөл" газетінде жарияланған);
4. Алакөл ауданы әкімдігінің "Алакөл ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырмасын, ата- ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2019 жылғы 1 шілдедегі № 184 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5197 тіркелген, 2019 жылдың 05 шілдесінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).