Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2012.11.23 N 12-99 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына және Жамбыл ауданы әкімінің 2012 жылғы 8 маусымдағы N 76-1-76/876 ұсынысына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл ауданы бойынша ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың "Экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына" жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Жылангөзова Г.Т.
Мәслихат хатшысы Қазиев Б.Б.
КЕЛІСІЛДІ:
Жамбыл ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі мемлекеттік
мекемесінің бастығы Келдібекова Ләйлә Қаракүшікқызы
11 маусым 2012 жыл